Жұмыста бос ұшында дисбалансы бар массивті дискпен консольдық икемді білік түрінде роторлық жүйе моделі қарастырылған. Дисктің айналу жазықтығында ротордың асқынкритикалық аймақтағы тербелістерін тұрақтандыратын саңылауы бар дискретті серпімді демпфирлеуші шектеуіштер орналасқан. Енгізілген прецессия коэффициенті арқылы шектеуіштермен өзара әрекеттесу кезінде ротордың прецессиясының түрі мен бағыты талданады. Пуанкаре-Андронов-Хопф бифуркациясынан кейінгі асқынкритикалық аймақта ротордың прецессиясының түріне әртүрлі санды шектеуіштердің әсері зерттелді. Саңылау мен диск эксцентриситетінің ротордың прецессионды қозғалысына әсері талданды.
Түйін сөздер: ротор, прецессия, прецессия коэффициенті, серпімді демпферлік шектеулер, Саңылау, Пуанкаре-Андронов-Хопф бифуркациясы, модельдеу.