Жұмыста бу турбинасы конденсаторын есептеудің қолданыстағы әдістемелеріне талдау жүр гізілген. Сонымен қатар конденсатор есептеудің нақтыланған әдістемелері қарастырылған. Салқындататын су температурасынан және конденсатордағы бу шығынынан конденсатордағы бу қысымының байланысы қарастырылған. Алынған байланыстардан БРТИ және ЖАИ (АҚШ) әдістемелері бойынша конденсатордың есептеуі паспорт деректерімен үйлесетіні көрінеді. Жабдықты диагностикалау үшін БРТИ және ЖАИ (АҚШ) әдістемелерін, конденсатордың тиімділігін арттыру тәсілдерін зерттеу кезінде КТЗ және УМТУ-УПИ әдістемелерін пайдалану ұсынылады. КГ2-6200 конденсаторының математикалық үлгісі АлЭС 2-ЖЭО сынап байқалған.
Түйін сөздер: конденсатор, диагностикалық үлгі, математикалық үлгі, есептеу әдістемелері, тиімділік.