Құрметті автор!
Сізден жіберілген мақаланы журналдың редакция алқасының талаптарына сәйкес келесі ретпен орналастыруды сұраймыз:
- ӘОЖ (Әмбебап ондық жіктеу) сол жақта, жоғарғы бұрышта.
- Авторлардың аты – жөні – инициалдары және тегі (А.и. Исаев) — 12 кеглем.
- Жұмыс орны (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы, Қазақстан) -12 кеглем
- Авторлардың E-mail мекен-жайлары -12 кеглем
- Мақала тіліндегі аннотация 150-300 сөзден аспайды (басқа тілдердегі екі аннотация мақаланың соңында орналасады), түйінді сөздер (5-7 сөз) – 11 кеглем.
- Мақала (8 беттен артық емес) — 12 кеглем.
- Әдебиет (20 атаудан артық емес) — 10 кеглем.
- Аннотациялар екі тілде (авторлардың аты-жөні, мақала атауы, аннотация, түйін сөздер тиісті тілдерде) -11 кеглем.
- Орыс тіліндегі авторлар туралы мәліметтер: аты-жөні, ғылыми атағы, лауазымы, жұмыс орны, қала -12 кеглем.