Жеке кабинетке кіру

Асфальтен-шайыр-парафинді шөгінділерді еріту үшін еріткіштерді таңдау

УДК 665.6.033.28

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Техникалық ғылымдар

Мақалаасфальтен-шайыр-парафинді шөгінділердіерітуүшіноңтайлыеріткіштердітаңдауға арналған. Өзен кен орнының асфальтен-шайыр-парафинді шөгінділеріне (аШПШ) қатысты әртүрлі еріткіштердің тиімділігі қарастырылды. Эксперимент нәтижелері бойынша ең тиімді композитті еріткіш құрамы 50% бензин фракциясы мен 50% керосин фракциясынан тұратындығы анықталды. Бұл композитті құрам 5 сағатта шөгінділер массасының 97,7% жоғалуын көрсетті, еріту қабілеті 93,5 г/см3 болды. Композитті құрамның тиімділігі шөгінділердің парафиндік түрін растайды, бұл Өзен кен орнының мұнайының құрамында парафиндердің мөлшерінің жоғары болуымен түсіндіріледі. ароматты еріткіштер алифатты еріткіштермен салыстырғанда салыстырмалы түрде төмен еру қабілеттілігін көрсетті, бұл сонымен қатар AШПШ құрамындағы шайырлар мен асфальтендердің мөлшерінің аздығын растайды.

түйін сөздер: асфальтен-шайыр-парафинді шөгінділер, еріткіш, асфальтендер, парафиндер, шайырлар.