Жеке кабинетке кіру

Ағын сызықтары негізінде жерасты шаймалау әдісімен өндірілетін технологиялық блоктардың ерітінділерінің қышқылдық теңгерімін анықтау әдістемесі

УДК 004.942

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Қолданбалы математика

Жерасты шаймалау әдісі – айдау ұңғымалары арқылы қабатқа ерітінді енгізу, минералды жерасты еріту және өнімді ерітіндіні өндіру ұңғымалары желісі арқылы жер бетіне шығару арқылы өткізгіш жыныстарда кездесетін төмен концентрациялы кен шөгінділерін игеру әдісі. Өндіру барысында кен орны технологиялық блоктарға бөлінеді, блоктардың өңдеуі бір бірінен тәуелсіз болу мүмкін. Жұмыстың экологиялық тазалығын арттыру және ерітінділердің блок шекарасынан тыс таралуын болдырмау үшін ертінділердің теңгерімі болуы қажет, яғни енгізілетін сілтісіздендіру және өндірілетін өнімді ерітіндінің көлемі тең болуы керек. Осыған байланысты іргелес блоктардағы айдау ұңғымаларында дебиттерді есептеу мәселесі туындайды. Қазіргі уақытта іргелес блоктардағы айдау ұңғымаларының дебиттерін технологиялық блоктар бойынша үлестірімі берілген ұңғымамен әрекеттесетін өндіруші ұңғымаларды орташалау арқылы есептеледі. Дегенмен, бұл есептеудің дәлдігі айтарлықтай төмен, өйткені ол қабаттың қасиеттерін де, ұңғымалардың арасындағы қашықтықты да ескермейді. Осыған байланысты бұл жұмыста тау жыныстарындағы ерітінділердің сақталуы мен қозғалысының іргелі заңдылықтарына сүйене отырып, ағын сызықтарын пайдалана отырып модельдеу негізінде ұңғыма дебиттерін есептеу ұсынылады. Осылайша, ұсынылған әдістеме ерітінді ағынының бағытын және жыныстың фильтрациялық қасиеттерін ескеруге мүмкіндік береді.

Түйін сөздер: жер асты шаймалау, ағын сызықтары негізінде модельдеу, ертінді балансы, айдау және өндіру ұңғымалары, ұңғыманың дебиті.