Жеке кабинетке кіру

«Ақылды кеңсе» жүйесін дамыту үшін абиотикалық факторларды болжау

УДК 51-74; 62-782

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Мақала «Ақылды кеңсе» жүйесі үшін абиотикалық факторларды болжауға арналған. Мұнда болжау саласындағы ғылыми зерттеулер де келтірілген. Бұл мақалада энергия үнемдеу жүйесін орнату технологиясы және оның жұмыс істеу принциптері қарастырылады. Жұмыста смарт жүйелерді құру және басқару әдістері қолданылды. Сондай-ақ, «Ақылды кеңсе» технологиясының арқасында жайлылықтың артуы сипатталған әрі пайдаланушыға ыңғайлы интерфейс қолданылды. Осы жүйеде келесі функциялардың қолданылатынын атап айтуға болады: жарықтандыруды оңтайландыру, жылыту, үйді қашықтан қорғау және басқару, мобильді құрылғылар мен арнайы кілттердің көмегімен басқару. Негізінен ауқымына байланысты бизнесқұрылымдарды автоматтандыру жүйесі қарастырылады. Бұл жұмыста қазіргі уақыттағы барлық бизнес-процестерді оңтайландырудың негізгі факторлары болып табылатын барлық қол жетімді әдістер ұсынылды. Сондай-ақ, ақылды жүйелерді автоматтандырудың барлық өзекті мәселелерін ескере отырып, жүйені модельдеу және әзірлеу нұсқалары да қарастырылған. Ғылыми тақырыптың маңыздылығы ақылды үй жүйелерін дамытудың жоғары әлеуетіне және осы жүйелерге енгізілген құрылғылардың бірыңғай стандарттарының болмауына әсер етеді. Әзірленіп жатқан бағдарламалық-аппараттық кешенді қарапайым үйлерде, кеңселерде де, өндірісте де қолдануға болады. Қарастырылып отырған жүйе масштабталады, бұл оны кезкелген мақсатта пайдалануға мүмкіндік береді. Мақалада климаттық деректерді берудің автономды микропроцессорлық жүйесін құру басты назарда қарастырылады. Бұл жұмыста салыстырмалы ылғалдылық пен ауа температурасын өлшеуге арналған климаттық параметрлерді өлшеудің микропроцессорлық жүйесі жасалды. Климаттық параметрлерді өлшеу жүйесі өлшеу ақпаратын жинауға, оны әрі қарай өңдеуге, сақтауға және оператордың қабылдауына ыңғайлы түрде көрсетуге арналған.

түйін сөздер: ақылды кеңсе, смарт жүйелер, смарт қосқыш, автоматтандырылған тұрғын үй, контроллер, микропроцессорлық жүйе, температура мен ылғалдылық сенсоры, Raspberry микрокомпьютері, Arduino UNO платформасы.