Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мәселесі өте өзекті болып қала береді. Маусымдық су тасқыны немесе төтенше жағдайлар нәтижесінде аумақты су басуды болжау өте маңызды болып табылады және олар әртүрлі технологиялар негізінде шешіледі. Жер үсті сулары динамикасының тікелей гидродинамикалық есептеулеріне негізделген компьютерлік модельдеу әдістері қашан да тиімді бағыт болып көрінеді. Таулы жерлерде гидротехникалық құрылыстарды сумен толтыру динамикасын модельдеу ерекше қызығушылық тудыратыны рас.
Бұл мақалада су объектілеріндегі төтенше жағдайларда гидротехникалық құрылыстардың бұзылу ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар мақалада су қоймаларындағы су деңгейін бақылау әдістері де айтылады. Су тасқынын бақылау технологиясының сипаттамасы келтірілген, оны кейбір аймақтарда практикалық қолдану нәтижелері талқыланып, одан әрі даму бағыттары ұсынылған. Бұл ақпарат кейіннен төтенше жағдайды болжау үшін қолданылады.
Түйін сөздер: бөгет, су қоймасы, су тасқыны, математикалық модель, бақылау, болжау, серпіліс, экологиялық қауіпсіздік.