Жеке кабинетке кіру

Уақыты кешіккен жоғары ретті сызықты емес жүйелерді бақылауды компьютерлік моделдеу

УДК 004.94

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Бұл жұмыста уақыт кешігу параметрі қатысқан жоғары ретті сызықты емес жүйелер класын шығыс кері байланыс жәрдемінде глобалды практикалық бақылау мәселесі зерттелді. Қарастырылған жүйенің ерекшелігі сызықты еместіктің жоғары шекарасындағы шектеулілік дәрежесі үздіксіз интервал аралығында алынуында. Сигнум функциясы және қуат интеграторын қосудың жалпылама әдісін пайдаланып, сәйкесінше Ляпунов функциясын құру арқылы уақыты кешіккен сызықты еместік әсеріне үстемдік ететін реттелетін және уақыт кешігуі параметріне тәуелсіз бақылау контроллерін жобалаймыз. Алынған контроллер нәтижесінде зерттелген тұйық жүйенің барлық күйлері глобалды шектелген және шекті уақыттан кейін бақылау қателігі жеткілікті мөлшерде аз болуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар бұл жұмыста алдын қол жеткізген нәтижелерді компьютерде моделдеуге басымдық берілді.

Түйін сөздер: шығысты практикалық бақылау, сигнум функциясы, уақыт кешігу параметрі, компьютерлік моделдеу, Matlab GUI