Ньютонның үшінші заңына сәйкес табиғатта денеге жасалатын сыртқы әсерлер өздеріне қарсылық көрсететін әсерлерді пайда ететін жағдайлар да кездеседі. Солардың ішіндегі негізгілері – серпімді деформация және гидростатика заңдары, табиғаты жағынан ұқсастығы жоқ болғанымен, математикалық механизмі тұрғысынан бірізді. Мақалада серпімділік және Архимед күштерінің математикалық өрнектерін алу тәсілі салыстырмалы түрде жан-жақты талданып көсетілген. Бірлік ұзындықтың серпімді деформациясы кезінде және сұйықтың бірлік көлемінің ығысуы жағдайында пайда болатын қарсылық әсерлерінің мәндері арқылы жалпылама кері әсерлік күштердің қосынды мәндері анықталған. Серпімді деформациялық және гидростатикалық коэффициенттердің маңыздылығы мен тәуелділіктері ортаның қасиеттерімен байланыстрыла айқындалған. Деформациялық және гидростатикалық қарсы әсерлер сыртқы әсерлер жағдайында ғана байқалатын ерекшеліктері сараланған.
Түйін сөздер: деформация, механикалық кернеу, тығыздық, сұйық, салмақ, гидростатика, серіппе.