Жұмыста бөгеттің ішкі құрылымын, ылғалдану аймағын анықтау арқылы болашақта төтенше жағдайларды алдын алу үшін Үлкен Алматы көлі бөгетіне жүргізілген геофизикалық зерттеу жұмыстары бойынша эксперименттік зерттеулер келтірілді. Зерттеу объектісі Үлкен Алматы көлінің бөгеті болып табылады. Есептің қойылымы бұзылмайтын, жылдам әдісті қолдануды қажет етеді, сонымен қатар әдіс экономикалық тұрғыдан тиімді болуы керек, объектіні визуалды бақылаудың қол жетімді әдістерімен салыстырғанда айтарлықтай шығындарды азайтуға мүмкіндік беруі тиіс. Сол себептен эксперименттік зерттеулер бөгеттің үстіңгі жағы мен етегінде жарты метрлік қадаммен, үш метрлік антенналарды қолдана отырып, георадар “Лоза Б” құралымен жүргізілді. Эксперименттік нәтижелерді өңдеу георадардың кіріктірілген бағдарламалық қамтамасыздандыруында жасалды. Зерттелетін объектінің белгілі бір бөліктері туралы қорытынды және одан әрі әрекет ету туралы ұсыныстар сипатталып берілді. Бұл жұмыстың нәтижелері радарограммаларды интерпретациялау технологиясын одан әрі дамытуға және эксперименталды зерттеулер мен ұқсас радарограммалардың мәліметтерінің нәтижелеріне салыстырмалы талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректорының «Үлкен Алматы су қоймасының физикалық параметрлерін георадарлық зерттеулері және ртаның құрылымын компьютерлік модельдеу» жобасы аясында жүзеге асырылды.
түйін сөздер: георадиолокация жүйесі, кіріктірілген бағдарламалық қамтамасыздандыру, георадар, радарограмма, радар суреттерін өңдеу, бұзбайтын әдіс, эксперименттік зерттеулер, интерпретация.