Жеке кабинетке кіру

«Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлік академиясының хабаршысы» журналының шығарылуының мақсаты –  ғалымдардың ғылыми жетістіктерін кеңінен насихаттау, оның ішінде қазақстандық және шетелдік ғалымдардың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының маңызды нәтижелерін ғылыми редакциялау және бақылау. Жоғарыда аталған бағыттар бойынша ғылым мен техниканың басым бағыттары бойынша ғылыми жарияланымдарды талдау және қалыптастыру.

«ҚР ҰИА жаршысы»  журналы (ISSN 2709-4693 (Print), ISSN 2709-4707 (Online)) ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының 10.07.2012 ж. №1082 бұйрығымен комитет философия докторы – PhD, бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежелерін ізденушілердің негізгі ғылыми нәтижелерін жариялау үшін ұсынатын басылымдар тізбесіне енгізілген:

  • Физика-математика ғылымдары;
  • Химия ғылымдары;
  • Жер туралы ғылымдар және географиялық ғылымдар;
  • Техникалық ғылымдар және технологиялар;
  • Экономика.

Журналдың бас редакторы – академик Б.Т. Жұмағұлов, ҚР Ұлттық Инженерлік академиясының президенті. Редакциялық алқа мүшелері Қазақстан мен жақын және алыс шетелдердің көрнекті ғалымдары мен ғылым ұйымдастырушылары болып табылады. Олар Қазақстан ғана емес, Ресей, Белоруссия, Украина, Әзірбайжан, Тәжікстан, Сербия және басқа да елдердің ғалымдарының ғылыми зерттеулері мен әзірлемелерінің нәтижелерін сараптамалық бағалау, талдау, талқылау, іріктеу және журналда жариялау үшін материалдар қалыптастыруды орындайды.

Журнал INSPEC техникалық ғылымдар бойынша рефераттық деректердің халықаралық ағылшын тілді базасына енгізілген.

Журналдар
мұрағаты

Мақалалар
мұрағаты​

Жазылу
журналға

Мақаланы
жіберу