Жеке кабинетке кіру

Үш фазалы изотермалық емес фильтрация есебінің сандық шешімін талдау

УДК 519.6

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Қолданбалы математика

Мақала Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырылған аР08053189 жобасы аясында жүргізілетін капиллярлық күштерді ескере отырып, үш фазалы изотермалық емес фильтрация есебін шешудің сандық әдісін құруға және оның орнықтылығы мен жинақталуын зерттеуге арналған. Қарастырылып отырған модель мұнай қатпарына бу-жылу әсерінен ауыр мұнай өндіру кезінде мұнай қатпарында болатын үрдістерді сипаттайды. Дифференциалды есепті қою қысым теңдеуінен капиллярлық қысым градиентін алып тастауға мүмкіндік беретін глобальді қысым айнымалыларын ауыстыруға негізделген. Есепті шешу үшін сандық әдіс құрастырылды. Бастапқы мәліметтер мен теңдеулердің оң жақтарына сәйкес құрастырылған сұлбаның орнықтылығын білдіретін энергиялық нормада априорлық баға алынды. Сандық сұлба шешімінің дифференциалдық есеп шешіміне жинақтылығы туралы теорема ұсынылды.

түйін сөздер: үш фазалы изотермалық емес фильтрация, глобальді қысым, жинақтылық, орнықтылық.