УДК 621.396.96
- Авторлар: А. А. Әбдіқадыров , Н. К. Смайылов, Ж. М. Досбаев, Е. Таштай, К. Х. Жүнісов
Жоғары жылдамдықты цифрлық спектрлік-корреляциялық радиолокация әдісін алгоритмдік жетілдіру жаңа технологиялардың дамуына әсер ететін инновациялық жоба болып табылады. Бұл жұмыстың мақсаты сигналдардың спектрлік компоненттерін және олардың корреляциялық байланыстарын талдау арқылы радиолокация саласындағы мәселелерді шешудің жаңа әдістемелерін ұсына отырып, сигналдың дәл бағыты арқылы қабылдау жүйелерінің дәлдігі мен сенімділігін арттыру болып табылады.