Қазіргі уақытта мұнай-газ өнеркәсібі көмірсутегі ресурстарын өндіру қиындықтарын себепші болатын күрделі климаттық жағдайлар, мұнай өндіру коэффициентінің төмендеуі, ұңғымалардың сутоғытуы және т.б. қиындықтарға тап болуда. Мұнай-газ шикізатына сұраныстың артып келе жатқандығы технологиялық қамсыздандыру және қауіпсіздік мәселелерін туындатады. Осыған орай, мұнай-газ кәсіпорындары өндірістің жоғары өнімділігін, қауіпсіздік пен өндіріс процестеріне мониторинг жүргізуге қабілетті өндірісті цифрландыруға аса мұқтаж. Әлемдегі ірі мұнай компаниялары экономикалық тиімділікті арттыру құралдары болып табылатын зияткерлік технологиялар негізінде өздеріне тиеселі мұнай-газ активтерін басқару әдістерін кеңінен пайдаланады.
Мақалада әлемдегі ең ірі мұнай компанияларындағы активтерді басқару сапасын жақсартуға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал ететін цифрландыру тәжірибесі талқыланып, мұнай-газ өнеркәсібінде цифрлық технологияларды пайдалану артықшылықтары сипатталған. «Зияткерлік» технологияларды енгізу тәжірибесі олардың мұнай өндіру үдерістеріндегі және экономикалық шығындарды азайтудағы жоғары тиімділігін көрсетті.
Түйін сөздер: цифрлық өнеркәсіп, цифрлық кен орны, зияткерлік технологиялар, цифрландыру, үлкен деректер (Big Data), зияткерлік кен орны, мұнай өндіру, тиімділік, әлемдік мұнай компания- лары, қашықтан басқару.