Жеке кабинетке кіру

Форсайт как инструмент определения новых стратегических направлений научных и технологических достижений

МРНТИ 06.39.31, 06.54.31, 06.52.35

ISSN 1606–416Х

Айдарлар: Экономика

Қазіргі даму жағдайында ұзақ мерзімді келешекте мемлекеттің әлеуметті- экономикалық дамуына мәнді ықпалын тигізе алатын жаңа стратегиялық ғылыми бағыттарды және технологиялық жетістіктерді айқындау құралы ретінде туындайтын форсайтты зерттеу өзекті болып табылады. Мақалада ғылымның стратегиялық анықтау үшін технологиялық бағыттардың тізімін қалыптастыру әдісі ретінде патентті талдау әдісі пайдаланылды.

Патентті талдау негізінде жүргізілген зерттеулер бүгіңгі таңда Қазақстанның экономикалық дамуы ҒЗҰКЖ инвестициялауды арттыруға мүмкіндігі барын көрсетті. Дегенмен, ғылымға шығындар елдің ЖІӨ тек 0,1% құрайды, ал дамушы елдер үшін шығындар үлесі ЖІӨ 1-1,5% болуы ұсынылады. Сонымен қатар, инновациясы бар кәсіпорындар санының ұлғаюяны қарамастан 2017 жылы инновациялық өнімнің ЖІӨ үлесі 2013 жылмен салыстырғанда 1,5 есе төмендегені айқындалды. Одан бөлек, ғылыми кадрлердің қартаюы және ғылымға келетін жас мамандардың аздығы байқалады, және де ғылыми кадрлердің қартаю ырғағы сақталады. Осылайша, Қазақстанның инновациялық дамуын тежейтін бір қатар мәселелер айқындалды.

Түйін сөздер: форсайт, технологиялық бағыт, патент, интеллектуалды меншік, патентті талдау, инновациялық даму.