Бұл мақалада қазіргі кездегі ең танымал криптовалютаның бірі – биткоин туралы мәліметтер айтылады. Биткоин мен блокчейн технологияларының жұмыс қағидалары қарастырылады, оның ішінде Bitcoin-нің артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Жұмыстың негізгі бағыты криптовалюталарды, атап айтқанда биткоинді заңсыз мақсаттарда пайдалануды талдауға бағытталған. Биткоин желісіндегі күдікті транзакцияларды анықтау үшін белгілер жинағын анықтауға ерекше назар аударылған. Зерттеу жұмысында көптеген ғылыми жарияланымдар мен мақалаларға шолу жасалып, талдау жүргізілді және осы зерттеулердің нәтижесінен бағалау кезінде Биткоин күдікті операцияларға арналған транзакциялардың негізгі атрибуттары болып табылатын белгілер анықталды. күдікті биткоин транзакцияларды анықтайтын модельді оқыту үшін 100 000-ға жуық транзакциясы бар 15 белігден тұратын кіріс деректер жинағы (датесет) жасалды. Деректер жинағы қалыптасқаннан кейін кездейсоқ орман, логистикалық регрессия, k-ең жақын көршілер, шешім ағашы сияқты бірнеше машиналық оқыту алгоритмдеріне негізделген биткоин желісіндегі күдікті транзакцияларды анықтау үшін модельдер жасалды және оқытылды. Сонымен қатар, мақалада машиналық оқыту алгоритмдерінің салыстырмалы талдауының нәтижелері, сондай-ақ жоғары дәлдікті қамтамасыз ететін алгоритм таңдалған.
Түйін сөздер: криптовалюта, блокчейн, биткоин, күдікті транзакциялар, белгілер.