Жеке кабинетке кіру

Зияткерлік капитал компаниялардың инвестициялық тартымдылығы көрсеткіші ретінде

УДК 657.9

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Экономика

Мақалада ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге, шетел инвестициялары мен ішкі жалпы өнімнің ағындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар талқыланады. Зерттеудің негізгі гипотезасы ретінде зияткерлік капиталдың компанияның қаржылық нәтижесіне айтарлықтай әсер етуі ұсынылды, бұл әсер экономикалық және математикалық модельдеу әдістерімен анықталуы мүмкін. Ұсынылған зерттеуде математикалық модельдеу әдістері пайдаланылды, сандық деректер ретінде ашық дереккөздерден алынған деректер: статистикалық агенттіктер, қор нарығы және зерттелетін компаниялардың сайттары пайдаланылды. ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге инвестициялары мен компанияның таза кірісі, құрылымдық капиталдың құны және персоналдың орташа саны арасындағы қарым-қатынастың корреляциялық-регрессиялық талдауы жүргізілді.

Түйін сөздер: зияткерлік капитал, зияткерлік капиталдың компоненттері, қаржылық көрсеткіштер.