Жеке кабинетке кіру

Жасырын оқшауланған нысандарды іздеу бойынша георадар деректерін интерпретациялау

УДК 004.421

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Бұл мақалада археология саласында георадар аспабын қолдану мүмкіндіктері қарастырылды. Қазба жұмыстарынсыз жер асты археологиялық нысандарын табуға мүмкіндік беретін геофизикалық әдіс таңдалып алынды. Георадарлар сигналдары радарограмма түрінде жазылады. Радарограммаларды интерпретациялау жердің және жер асты нысандардың болжамды бейнесін жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен, радарограммаларды интерпретациялау георадар сатушыларымен ақылы түрде жүргізіледі. Сондықтан радарограммаларды интерпретациялаудың өзіндік әдістерін жасау міндеті өзекті болып табылады. Георадар геофизикалық аспабының көмегімен Қызылорда облысында елді мекендерден алыс жерде орналасқан бейіттер мен кесенелерден қалған қорғандар зерттелді. Зерттеу үшін үш нысан таңдалып алынды: екі қорған мен қорғандар арасындағы жер жолағы. Ең соңғысы бұл екі қорғандар арасында байланыс бар-жоғын анықтау үшін зерттелді. Зерттелетін аймақтың аумақтық геофизикалық сұлбасы жасалды. Зерттелетін мәселе бұзылмайтын әдісті қолдануды талап етеді. Бұл нысандарды кейіннен археологиялық қазбамен визуалды бақылаудың қолда бар әдістерімен салыстырғанда уақыт пен қаражатты айтарлықтай үнемдеу үшін ұзындығы 0,15 м. антенналары бар геофизикалық аспап көмегімен 0,2 м. қадаммен эксперименттік зерттеулер жүргізілді Үздіксіз аумақтық түсіру арқылы үш шаршы түсірілді. Сынақ, бақылау және ғылыми өлшемдер жүргізілді. Жасырын оқшауланған объектілерді болжау бойынша георадар деректері арнайы кірістірілген программалық қамтамасыздандыру арқылы өңделді. Археолог мамандарына ұсыныстар берілді.

Түйін сөздер: георадар, геодеректер, радарограмма, интерпретация, эксперименттік зерттеулер, технология.