Мақала Қазақстан Республикасының автомобильдік көлікті-логистикалық кешенін дамыту мақсатында халықаралық көліктік транзиттік дәліздерін басқарудың автоматтандырылған жүйелерін зерттеуге арналған. Әр түрлі елдерде жүзеге асырылған интеллектуалды көлік жүйелеріне және оларды жүзеге асыру әсеріне шолу жасалды. Қазақстанның географиялық жағдайын ескере отырып халықаралық тасымалдаудың транзиттік дәліздері үшін басқару жүйелері дамыту бағыттары қарастырылған. Қарастырылып отырылған басқару жүйелері аймақтық ынтымақтастықты тереңдету және экономикалық салаларды дамытудағы көлік рөлінің маңыздылығын анықтайды, Қытай – Қазақстан – Ресей – Еуропа бағыты бойынша еуразиялық дәліздер арқылы транзиттік жүк тасымалы нарығында бәсекелестік мүмкіндігін ашады.
Кілттік сөздер: жол қозғалысын автоматтандырылған басқару жүйесі, ЖҚАБЖ, интеллек- туалды көлік жүйелері, ИКЖ, халықаралық көліктік транзиттік дәліздер, ХКТД.