Қысқа мерзімді жылусақтағыштар артық жылу энергиясын бірнеше сағат немесе бірнеше күн бойы сақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта жылыту және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін көмір мен газ негізінде жұмыс істейтін жылу электр станцияларынның тиімділігі төмен, ескірген және жылу жоғалту деңгейі жоғары болып табылады. Демек, ескірген және тиімділігі төмен жылу және электр станцияларының жүйелері арқылы энергияға деген сұранысты қамтамасыз ету үшін дәстүрлі энергия көздеріне жататын көмір немесе газ тәрізді отын түрлерін үлкен мөлшерде тұтынуға итермелейді. Ал бұл өз кезегінде, қоршаған ортаның қарқынды ластануына және адамдардың денсаулығына кері әсерін тигізуде.
Мақалада фазасы ауысатын материалды қолдану арқылы жылу энергиясын қысқа мерзімді сақтау барысында жүретін жылуалмасу процесстеріне зерттеулер жүргізілді. Қысқа мерзімді жылусақтағыштарда қолдануға болатын фазасы ауысатын материал ретінде парафин қарастырылды. Парафиннің фаза алмасу процесінің сандық моделі құрастырылды. Жылу энергиясын жасырын сақтаудың негізгі тәсілдері зерттелінді. Жылу энергиясын сақтау үшін фазасы ауысатын парафинді күн энергиясын сақтау, ғимараттардағы ауаны кондиционерлеу және көп қабатты ғимараттарды, жылыжайларды жылыту, ыстық сумен жабдықтау сияқты көптеген салаларда қолдануға болады. Зерттелінген парафиннің бірнеше тәжірибелік маңыздылығы бар. Оларға парафиннің қолайлы фазалық ауысу температурасы, жоғары жасырын жылуы, жылдам жылу алмасуы, жоғары тығыздығы, көлемнің аз өзгеруі және жылу тұрақтылығы болып табылады. Парафин жанғыш емес материалдар қатарынан болып табылады, арзан бағада кездеседі, улы емес материал болғандықтан қоршаған ортаға зияны жоқ.
Түйін сөздер: жасырын энергия, фазалық ауысу, Стефан есебі, фазалық ауысу жылдамдығы, парафин, жылжымалы тор әдісі, жылуды сақтау.