Қант диабеті ерте I ғасырдан бері белгілі, түрлері және ауыратындар саны көп жаһандық мәселелердің біріне айналған ауру. Ал 2 типті қант диабеті көптеген факторлардың әсерінен пайда болатын, қант диабетінің кеңінен таралған бір түрі. Біздің зерттеудің жалпы мақсаты 2 типті қант диабеті бар науқастардың қант деңгейін инфекция тудырмайтын, инвазивті емес әдіс электрокардиограмма (ЭкГ) арқылы анықтау. Зерттеу екі күнге созылды. Бірінші күні таңғы 8:00-ге дейін аш қарынға, ал екінші күні тамақтанғаннан кейін екі сағаттан соң кешкі 20:00-ге дейін эксперимент жүргізілді. Зерттеуде 2 типті қант диабеті бар 20 әйел және 32 ер адамның қант деңгейі электрокардиограммамен және нәтижелерді салыстыру мақсатында глюкометрмен анықталды. 2 типті қант диабеті бар науқастардың жынысы, жасы, артық салмағының болуы, ауыру ұзақтығы, темекі шегу әдеті, табыс мөлшері, қант диабетінің (ҚД) ата-насында болуы, ерте жүрек-қан тамырлар ауруларының (ЖҚА) болуы туралы деректер қатар алынды. Зерттеу нәтижесі бойынша 2 типті қант диабетімен ауыратын науқастарда ЭкГ-ның S, T, ST, QTc, QRS аралықтары өзгеріске ұшырайтыны және таңғы уақытқа қарағанда кешкі уақытта қант деңгейінің мөлшері жоғарырақ болатыны анықталды.
Түйін сөздер: 2 типті қант диабеті, электрокардиография, электрокардиосигнал, инвазивті емес әдіс, кардиоанализатор.