Ақылды үйдегі IoT құрылғылары адамдардың өмірін жеңілдетуге және көмектесуге арналған. IoT саласындағы техникалық прогресс адам өмірін жеңілдетуге байланысты жаңа киберқауіптерді тудырып отыр. Жергілікті киберқауіптерлер шабуылдаушыға жергілікті үй желісіне қол жеткізуді және өзіне пайда алу мүмкіндігін туғызады. Жаһандық киберқауіптер өте қауіпті, себебі пайдаланушының IoT құрылғыларын хабарынсыз әлемнің кез келген нүктесінен қашықтан басқаруға болады. Тәуекелдің бірі, бұл пайдаланушының IoT құрылғыларынан тұратын үй желісі ботнеттермен басқарылып және басқа кибершабуылдарға қолдануы мүмкін. Осы мақалада ақылды үйдегі IoT құрылғыларына қатысты өзекті қауіптер сипатталған және смарт құрылғылар жинайтын және өңдейтін деректер мысалдары берілген. IoT құрылғылары арқылы пайдаланушылар туралы ақпарат жинау – бұл жұмыстың жаңалығы.
Түйін сөздер: IoT құрылғылары, ақылды үй, IoT киберқауіптері, IoT құрылғыларының қауіпсіздігі, деректер қауіпсіздігі, киберқауіптердің классификациясы.