Жеке кабинетке кіру

Комплексное решение вопроса нейтрализации и очистки сточных вод гальванического производства наноструктурированным сорбентом

УДК 628.3: 0.32

ISSN 1606–416Х

Айдарлар: Нефтехимия, Химия

Мақалада машина жасау кәсіпорындарының ағынды суларын химиялық әдістермен тазалау қарастырылған. Хром қосылыстары бар ағынды сулар әртүрлі қалпыны келтірушілермен қышқыл ортада уыттылығы жоғары алты валентті хромнан уыттылығы аз үш валенттікке дейін қалпына келу, тұнбаға түсуі және рН=8,5-9,5 кезінде Сr(ОН)3 тұнбасы ретінде алынуы арқылы зиянсыздандырылатыны көрсетілген.

Жүргізілген зерттеуде ауыр металлдар иондарынан өндірістік ағынды суларын таза- лау 11 горизонттың опал-кварц-карбонат саз балшығы мен минералды талшықтар өндірісінің қалдықтарының негізінде наноқұрылымды комплексті сорбентті қолдану арқылы сорбциялық әдіспен Арматура зауытының (Өскемен қ.) гальваникалық өндірістің ағынды суларының мыса- лында өткізілді.

Хром және мырыш иондары үшін ерітіндідегі рН көрсеткішінің өзгеруі ағынды сулардың жоғары және тиімді тазалауға әсері болмайтындықтан, гальваникалық өндірістің ағынды су- лардын ерітінділерді бейтараптандырудан өткізбей тазалауға мүмкіндік беретіні анықталған. Темір және мыс иондары үшін ерітіндідегі рН көрсеткішінің өсуі сорбцияның 70,88%-дан 85,23%- ға және сәйкесінше 73,42%-дан 86,08%-ға жоғарылауына әкеледі.

Кілт сөздер: тазалау, бейтараптандыру, гальваникалық өндірістің ағынды сулары, сорбция, ауыр металлдар иондары.