Микропроцессорларды әзірлеу барысында Intel корпорациясының негізін қалаушылардың бірі Гордон Мур микропроцессор кристалындағы транзисторлардың саны біраз уақыт аралығында екі есе өседі деген болжам айтты. Бұл эмпирикалық заң қарапайым дәрежелік (экспоненциалды) өрнекпен беріледі. Мур заңын нақтылау бір қарағанда техникалық есеп болып көрінуі мүмкін. Бірақ бұл мүлдем олай емес, ол таза техникалық заңдылықтарға қарағанда микроэлектрониканың дамуының әлеуметтік аспектілерін сипаттайды. Сондықтан Мур заңын бағалау әлеуметтанушылар, экономистер және қазіргі заманғы ақпараттық техниканың тарихы мен даму тенденциясына қызығушылық танытатын адамдар үшін үлкен мағынаға ие. Мақалада ақпараттық техниканың даму құбылысын Мур заңы арқылы сипаттау үшін Mathcad компьютерлік математика жүйесі ортасында алғаш рет қолайлы қолданбалы бағдарламалар құрылған. Бұл заңның қаншалықты әділ екенін анықтау үшін 1971 жылы бірінші 4004 микропроцессоры пайда болған сәттен бастап Intel корпорациясының микропроцессорлар кристалындағы транзисторлар санының (мың дана бірлігінде) өсу динамикасы туралы түсінік беретін деректерден пайдаланылған. Деректер Intel корпорациясының процессорларды әзірлеудің отыз жылдық кезеңін қамтиды. Мақалада осы деректер сызықты емес регрессия, сплайндық интерполяция әдістері арқылы өңделіп, Мур заңының қаншалықты дұрыс екендігіне жанжақты талдау жасалған. Деректердің өзгеру динамикасын сипаттайтын дифференциалдық теңдеулер жүйесі сәйкес шекаралық шарттарда Mathcad компьютерлік математика жүйесі ортасында шешімін тапқан және графикалық түрде бейнеленген. Құрылған қолданбалы бағдарламаларды инженерлік, ғылыми-техникалық есептеулерде кеңінен қолдануға болады.
Түйін сөздер: Мур заңы, микропроцессор кристалы, транзистор, регрессия, интерполяция, компьютерлік модельдеу, Mathcad жүйесі.