Ұсынылған мақалада физика-химиялық жүйелердегі тасымалдау құбылыстары үшін толқындардың сызықтық емес таралуын сипаттайтын өзгертілген Уизем теңдеуі үшін жеткілікті болжамдар жасалды. Уизем типті теңдеулерді шығарған кезде ортаның кеңістіктік локализациясының болуы негізгі рөл атқаруы мүмкінекендігі көрсетілген. Мақалада зерттелетін модельді физикалық түсіндіру мәселелеріде қарастырылады. Зерттелетін жүйелерде жергілікті емес әсерлердің түбегейлі болуы күрделі ұйымдастырылған кеңістіктік құрылымы бар домендердің болуы, сондай-ақ жылу мен масса көздерінің болуы нәтижесінде негізделуі және алынуы мүмкін. Компьютерлік модельдеу жүргізілді және Java бағдарламалау тілін қолдану арқылы нәтижелер алынды.
Түйін сөздер: ядро, интегралдық оператор, релаксация теңдеуі, жүгірмелі толқын, компьютерлік модельдеу, локальсіздік әсерлері