Бұл мақалада төрт компонентті сұйықтық қоспасының бөліну үрдісін Больцманның торлы теңдеулері (LB) әдісі мен фазалық өріс әдісі арқылы математикалық және компьютерлік пішіндеу қарастырылған. Зерттеліп отырған үрдіс тіктөртбұрыш пішінді шектелген облыста жүзеге асырылған. Құрылған математикалық модель сығылмайтын сұйыққа арналған навьеСтокс теңдеулеріне және Кан-Хиллард теңдеулеріне негізделген. Сандық әдіс LB әдсінің D2Q9 схемасын қолданумен тұрғызылған. Сандық эксперименттер екі сценарий үшін жүргізілді: (1) – беттік керілу әсерінің жүйелілігін анықтау үшін модельді ауырлық күшін ескермей зерттеу және (2) – модельді ауырлық күшін ескере отырып зерттеу. Сандық нәтижелер төрт компонентті сұйықтық үшін құрылған модельдің адекваттығын көрсетеді.
Түйін сөздер: төрт компонентті сұйықтық, қоспаның бөлінуі, Кан-Хиллард теңдеулері, еркін энергия, Больцманның торлы теңдеулері әдісі.