Мақалада экономиканы инновацияға айналдыру кезінде мемлекеттік даму бағдарламаларын басқару мәселелері қарастырылады. Бағдарламалық-нысаналы басқарудан бағдарламалықжобалық басқаруға көшу ұсынылады. Экономикалық жүйелердің қазіргі заманғы теориясын мемлекеттік бағдарламаларды қалыптастыру және іске асыру кеңістігінің бүкіл жүйесіне қолдану арқылы мұндай ауысу негізделеді. Осындай ауысу негізінде басқарудың негізгі компоненттері төрт даму негізгі боліктеріне айналады: объектілер, процестер, орталар және жобалар. Бұл басқару мақсаттары мен критерийлерін ресімдеуге және шешімдерді қолдау жүйесін құруға/ дамытуға көшуге мүмкіндік береді. Жұмыста мемлекеттік даму бағдарламаларын басқаруды платформалық іске асыруды құрудың негізгі тәсілі берілген.
Түйін сөздер: мемлекеттік даму бағдарламалары, модельдеу, аналитикалық қолдау, шешімдерді қабылдауды қолдау жүйесі, платформа, мониторинг.