Жеке кабинетке кіру

Шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау әдістерін жетілдірудің бағыттары

ӘОК:334.746.4.001.895 (574) | ҒТАМИ 06.52.13

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Экономика

Мақалада шағын инновациялық кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың әдістерін жетілдірудің негізгі бағыттары қарастырылған.

Мемлекеттік қолдау шараларының негізгі мақсаты нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің бірі ретінде шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ету. Осы стратегияны іске асыру аясында мемлекеттік қолдау заңнамалық деңгейде бекітілген. Шағын инновациялық кәсіпкерлікті қолдаудың бастапқы базасын қалыптастыру күрделі және ұзақ үдеріс. Ғылымитехникалық салада нарықтық қатынастарды қалыптастырудың мемлекеттік саясатын жүргізудің негізгі міндеттері шағынинновациялықкәсіпкерліктің инфрақұрылымындамытуды ынталандыру, қаржылық ресурстарды тарту арқылы бәсекелестікті дамыту және оларды жоғары технологиялық өнімді жасау бағдарламалары мен жобаларын іске асыру үшін мақсатты және тиімді пайдалану болып табылады. Экономиканың осы секторына несиелер мен инвестицияларды тарту; инновациялық кәсіпкерлік құрылымдарын дамытуға қажетті қаржыландыру көздеріне қол жеткізу мүмкіндіктерін кеңейту үшін қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде басқа банктік емес несие институттарын құру шаралары қарастырылған. Экономиканың кезкелген саласындағы инновация қаржылық инвестицияларды қажет етеді. Қосымша пайда табу, ұйым қызметінің тиімділігін арттыру, әлеуметтік-экономикалық нәтиже алу үшін қаржылық инвестицияларды іске асыру қажет. Инновациялық кәсіпкерлікті дамытуды мемлекеттік реттеу мен қолдауды жүзеге асырудың нақты жолдары ұсынылған.

Түйін сөздер: мемлекеттік қолдау, инновация, ғылым, өндіріс, инвестиция, басымдылық, әлеует.