Бұл мақалада уақыт бойынша кешігуі бар жоғары ретті сызықты емес жүйелер класын күй кері байланыс арқылы кең ауқымды ізге түсіру мәселесі қарастырылады. Бұндағы зерттелетін жүйенің ерекшелігі сызықты еместіктің жоғары шекарасындағы шектеулілік дәрежесі үзіліссіз интервал аралығында алынуы мүмкін. Таңба (сигнум) функциясын енгізу арқылы және қуат интеграторын қосудың жалпылама әдісін қосып, сәйкес Ляпунов функциясын таңдау арқылы уақыт бойынша кешігетін сызықты еместікте үстемдік ететіндей реттелетін және уақыт кешігуіне тәуелсіз ізге түсіру контроллерін құрамыз. Әзірленген контроллер нәтижесінде алынатын тұйық циклдік жүйенің барлық күйлері кең ауқымды шектелген және шекті уақыттан кейін ізге түсіру қателігі жеткілікті мөлшерде аз болуын қамтамасыз етеді. Ұсынылған жобалаудың тиімділігі мен дұрыстығын көрсету үшін сандық мысал келтірілген.
түйін сөздер: шығысты практикалық бақылау, күй кері байланысы, Ляпунов функциясы