Бұл мақалада Sentinel-1а/B Жерді қашықтықтан зондтау спутнигінің заманауи радарлық деректерін қолдана отырып, жер сілкінісінің эпицентрін анықтау әдісі қарастырылады. Жер қыртысының ығысу (орын ауыстыру) көрінісі ESA SNAP бағдарламалық жасақтамасында өңдеу арқылалынды. 2020 жылы болған екі жер сілкінісі спутниктің жоғары және төмен орбиталары арқылы эпицентрлерді анықтау дәлдігі зерттелді. Бұл жер сілкіністері Батыс Шыңжаңда, Қытайда және Доганьолда, Түркияда болды. Эпицентрдің ресми тіркелген координатынан максималды ауытқуы Доганьол үшін 15.6 км және Батыс Шыңжаңда жер сілкінісі үшін 3.2 км болды.
түйін сөздер: орын ауыстыру, радар суреттерін өңдеу, фаза айырмасы, жасанды интеллект, интерференциялық өңдеу, жер сілкінісінің эпицентрі.