Жеке кабинетке кіру

Whole-body протоколы бойынша магнитті-резонанстық томографияда stirsag реттілігі бар жаңа мехатрондық жүйені қолдану

УДК 004.9:621.386

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Қолданбалы математика

ЮНЕСКО-ның тұрақты даму аясында сапалы білім берудің әмбебап мақсатына жетуде білім берудің онлайн технологиялары тиімді болып табылады. Мақалада онлайн емтихан технологияларын қолданудағы ерекшеліктер сипатталады. Онлайн форматтағы емтихан жүргізудің қолданыстағы формаларына, әдістері мен құралдарына талдау жасалып, оларды қолданудағы мүмкіндіктері мен келеңсіз жақтары сипатталады. Онлайн бақылауды жүргізудің қолдану әдістері мен құралдарының кемшіліктері ретінде олардың сынақ кезіндегі көп уақыт шығыны мен оқушылардың зерттеу есептерін шешудегі олардың негізгі жүйелі білімдері мен дағдыларын бағалауды ескеру мүмкіндіктерінің күрделігі сипатталады.

Бұл жұмыста терең оқыту технологиясы ретінде ұсынылған Yolo алгоритміне негізделген инновациялық прокторинг жүйесі келтірілген. Жүйенің негізгі мақсаты жалғыз сигнал көзі ретінде стандартты веб камерасын қолдана отырып емтихан тапсырушының көзін бақылау және тану. Терең оқыту моделінде алынған нәтижелер қорытынды шешім алу мақсатында Хаар каскадтық классификаторы арқылы өңделеді. Ұсынылған әдіс жоғарғы дәлдікпен емтихан тапсырушының көзінің шынайы кескінінің тұрақты кескіннен айырмашылығын анықтап береді. Терең оқыту технологиясын каскадты классификатормен үйлестіре қолдану мүмкіндігі нақты уақыт режимінде ұсынылған кескіндегі немесе видеокадрларда емтихан тапсырушының көзінің шынайы кескінін дәл тануға мүмкіндік береді, ал ол кезегінде онлайн емтихан кезінде академиялық адалдықты сақтау мақсатында прокторинг жүйесіннің тиімділігін және сенімділігін білдіреді.

Түйін сөздер: қашықтан оқыту технологиясы, онлайн емтихан, айтрекинг, Yolo, Darknet Framework, Хаар каскадты классификаторы, прокторинг жүйесі.