Қаланың қарқынды дамуы және ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыру жолдарын іздеу кезеңінде, аграрлық салада инновациялық технологияларды қолдану туралы мәселе туындайды. Бұл зерттеу, қалалық жылыжайларда нүктелік суару және бақылау үшін IoT жүйелері арқылы басқарылатын роботтық манипуляторларды пайдалану барысын талдайды. Жұмыста топырақтың ылғалдылығын бақылау, суаруды автоматтандыру және арамшөптермен тиімді күресу үшін GPS және жасанды интеллект әдістерін қолдануды қоса алғанда, заманауи технологиялық шешімдерді енгізудің негізгі аспектілері егжей-тегжейлі қарастырылған. Жылыжайлардағы агротехникалық процестерді қашықтан бақылау және басқару контекстінде IoT мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылады, бұл қол еңбегіне деген қажеттілікті азайта отырып, су ресурстарын пайдалануды оңтайландыруға және өнімділікті арттыруға ықпал етеді.
Зерттеу нәтижелері сенсорлар мен роботтық жүйелердің интеграциясы агротехникалық процестерді тиімдірек басқаруды қамтамасыз ететінін, өсімдіктердің өсуіне оңтайлы жағдай жасайтынын және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға ықпал ететінін көрсетеді. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығының экологиялық тұрақтылығына ықпал етеді. Бұл шолуда қалалық және ауыл шаруашылығын трансформациялау үшін заттар интернеті (IoT) технологиялары мен робототехниканың орасан зор әлеуеті атап өтілген. Бұл технологиялар осы саладағы өнімділікті, тұрақтылықты және экономикалық тиімділікті арттырудың, сондай-ақ орнықты даму мақсаттарына қол жеткізудің маңызды факторы болып табылады.
түйін сөздер: робототехника, нүктелік суару, ақылды ауыл шаруашылығы, Заттар интернеті, робот суарушы, жасанды интеллект.