Айқын емес ортада гидротазалау процесін басқару бойынша шешім қабылдау есептерін тұжырымдау және шешу проблемалары зерттеліп, мамандарды қатысуымен, олардың тәжірибесін, білімі мен интуициясын қолдана отырып, осындай есептерді шешудің тиімді тәсілі ұсынылған. Гидротазалау реакторында болатын және алғашқы ақпараттың айқынсыздығымен сипатталатын гидротазалау процесін басқару есебігің математикалық қойылымы гидротазалау реакторының оптималды жұмыс режимін таңдау бойынша шешім қабылдау есебі түрінде алынған. Басқару критерийлері ретінде өндірілетін өнім, яғни гидрогенизат көлемін максимизациялау және оның сапалық сипаттамаларын жақсарту минимизациялау алынған. Айқын емес ортада гидротазалау процесін басқару үшін шешім қабылдау есебінің математикалық қойылымында және оларды шешу тәсілін құруда бас критерий мен максимин принциптерінің идеялары оларды айқынсыздықта жұмыс жасауға бейімдеу арқылы қолданылды. Айқын емес ортада гидротазалау процесін басқару бойынша шешім қабылдау есебін шешу үшін эвристикалық әдіс жасақталды. Айқын емес ортада басқару есебін қою мен оны шешу үшін ұсынылған тәсілдеменің жаңалығы айқын емес ақпаратты максималды қолданылуы арқылы айқынсыздықта қабылданған шешімнің адекватығының артуында.
Түйін сөздер: шешім қабылдау, басқару, гидротазалау процесі, гидротазалау реакторы, гидрогенизация, эвристикалық тәсіл, шешім қабылдаушы тұлға.