Мақалада Қазақстан республикасы ғылым және жоғары білім министрлігінің BR18574148 бағдарламалық-мақсатты қаржыландыру жобасы аясында аймақтық экологиялық саясат саласында қолдау көрсету және шешімдер қабылдау үшін ecomodeling.kz бірыңғай ақпараттықталдау платформасын әзірлеуге бағытталған зерттеулердің нәтижелері берілген. Бұл мақалада платформаны әртүрлі ақпарат көздерімен біріктіретін, Қазақстандағы өнеркәсіптік қалалар атмосферасының мониторингі деректерін талдайтын, машиналық оқыту үлгілерін пайдалана отырып, зиянды заттардың концентрациясының мәндерін болжайтын және нәтижелерін көрсететін үш ішкі жүйесі сипатталған. Мақалада екі ақпарат көзінен өлшеу деректерін алудың техникалық аспектілері, деректер қорының құрылымы, деректерді талдау үшін әзірленген құралдар, қолданылатын машиналық оқыту үлгілері және веб-қосымшаның пайдаланушы интерфейсі сипатталған.
Түйін сөздер: ақпараттық-аналитикалық платформа, ауаның ластануы, деректерді талдау, машиналық оқыту, бағдарламалау интерфейсі (API), веб-карталау интерфейсі.