Мақалада суару жүйелерінде суды пайдалануды және жедел басқару үшін имитациялықоңтайландыру математикалық моделін әзірлеу жолдары қарастырылған. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығында дәнді –дақылдарды өсіру мақсатында жерді тиімді суару басты мәселе болып табылады. Ол үшін жерді суару жүйесін таңдап алу өте маңызды. [1] Сонымен қатар, суару жүйесінің тиімді әрі ысырапсыз болуы бірінші кезектегі міндет болып табылады. Сондықтан, негізгі бағыт ретінде су ресурстарын дұрыс пайдалану, суармалы жердің сапасы мен математикалық модельдеу жолдарын пайдаланып, технологиялық құбылыстар мен процестерді басқаратын компьютерлік технологияларды іске асыратын бағдарламалар жоспарлап, дайындау қарастырылды. Нәтижесінде суару жүйелерінде су пайдалануды жоспарлау және жедел басқару үшін DELPHI тілінде имитациялық-оңтайландыру математикалық моделін әзірлеу ұсынылды. Ол үшін нысан ретінде Тасөткел магистральдық каналы (ТМК) таңдалды. [2]Бағдарламаның жұмыс істеуінің жалпы алгоритмі құрылып, математикалық есептеулер мен шаруашылықішілік суару желісі арналарының ПӘК мәндері есептеліп, кестеге әр түрлі дақылдардың үлес саны пайызбен есептеліп, зерттелді. Ылғал зарядтайтын суаруды есепке ала отырып, суару нормасын кестедегі мәліметтерді пайдаланып, әр айдың бірінші онкүндігіндегі үлес саны мен су жинау мөлшерін есептеу арнайы формула арқылы есептелді.
Түйін сөздер: cу жүйелері, суару нормасы, деректерді енгізу, ылғалданған суару.