Мақалада білім беру процесінің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастыруға, бірлескен жұмысты жоспарлауға, ресурстарды сауатты бөлуге, оқу міндеттерін шешу үшін қажетті құралдармен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін дәстүрлі оқыту әдістерімен салыстырғанда мобильді оқыту технологияларының маңыздылығы талқыланады.
Мақала авторлары техникалық университетте оқу процесін ұйымдастырудың құрылымы туралы өзіндік көзқарастарын ұсынады.
Оқу процесінде мобильді оқыту технологияларын қолдану мүмкіндіктері оқытушының қызметінде білім алушылардың өзін-өзі дамытуы мен оқытуы орын алатын білім беру виртуалды ортасын қалыптастыру саласына баса назар аударуға мүмкіндік беретіні анықталды.
Мақалада мобильді оқыту цифрлық оқытудың даму келешегі ретінде қарастырылады, оқу процесін ұйымдастыру кезінде мобильді оқытудың бірқатар артықшылықтары және кемшіліктері сипатталады және білім беру процессіндегі мобильді қосымшалардың мазмұнын ашады. Сондай ақ, қазіргі білім беруде мобильді оқытуды қолдану бағыттары қарастырылған. Білім алушылар арасында ұялы телефондардың кең таралуы мен қол жетімділігіне қарамастан, мобильді оқыту отандық жоғары оқу орындарында аз таралған.
Бұл мақалада мобильді оқыту терминіне түсінік беріліп, мобильді оқытудың білім беруде қолдану мәселелері мен оның зерттелулеріне тоқталған. Білім алушыларды оқытуда мобильді технологияларды қолдануға техникалық және психологиялық дайындығын талдау мақсатында Жәңгір хан атындағы аграрлық – техникалық университетінің «Ақпараттық технологиялар» білім беру бағдарламасының білім алушыларына оқу процесінде мобильді құрылғыларды пайдалануға сауалнама жүргізілді және нәтижесі талданды.
Білім алушылардың көпшілігі білім беруде мобильді технологияларды қолдануға техникалық және психологиялық тұрғыдан дайын және ЖОО-ның оқу процесінде мобильді оқыту технологиясын тиімдірек пайдалану үшін жаңа мүмкіндіктерін одан әрі зерттеуді қажет етеді деген қорытындыға келді.
Түйін сөздер: мобильді оқыту, цифрлық технология, мобильдік қосымша, портативті мобильді құрылғылар, сымсыз желілер