Ғылыми мақалада қазақстандық индустрияның дамуының қазіргі жағдайы мен мәселелері қарастырылған. Авторлар ұлттық экономиканың жұмыс істеуі мен дамуына кластерлік көзқарастың маңыздылығын атап өтті. 2013–2017 жылдардағы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемінің динамикасына талдау жүргізілді. Қостанай облысында өнеркәсіптік өндірісті дамуына ерекше көңіл бөлінген. Республикада кластерлерді қалыптастыру бойынша тәжірибелік ұсыныстар берілген. Атап айтқанда, авторлар көмірсутегі шикізатын және минералды шикізатты терең өңдеу үшін өнеркәсіп кластерлерін қалыптастыруды және дамытуды ұсынды.
Кілт сөздер: ұлттық экономиканы жаңғырту, индустриялық экономиканы дамыту, инвестициялық тартымдылық, кластерлік бастамаларды дамыту, өнеркәсіптік кластерлер, ауыл шаруашылығына машина жасау кластері.