Жұмыста механизмдерді, машиналарды және роботтарды эксперименттік зерттеуге арналған тензометриялық өлшеу жүйесі көрсетілген. Тензометриялық өлшеу жүйесі CAN интерфейсі бар ZETSENSOR сериясының интеллектуалды цифрлық сенсорларының негізінде құрастырылған. Ақпаратты өңдеу алгоритмі және өлшенген сигналдарды визуализациялау ZETLAB SENSOR бағдарламалық құралының көмегімен жүзеге асырылады. Тензометриялық өлшеу жүйесі механизмдердің, машиналар мен роботтардың буындарындағы орын ауыстыру, күштер, деформациялар мен кернеулер сияқты параметрлерді анықтау үшін қолданылады. Иінді престі тәжірибелік зерттеу үшін тензометриялық өлшеу жүйесі қолданылды. Алынған тәжірибе нәтижелері оны динамикалық өлшеулер үшін қолданудың қарапайымдылығы мен ыңғайлылығын растады.
Түйін сөздер: тензометрді өлшеу жүйесі, сандық датчик, тензөлшегіш, кернеуі, күш, деформация, жүктеме.