Мақалада бекіту арматурасының бөлшектеріне және үлгілеріне қойылған құрамында титаны бар жабындардың сапасын зерттеу нәтижелері келтірілген. Жабынның химиялық құрамының біртекті еместігінің себептері мен морфологиялық ерекшеліктері көрсетілген. Бекіту арматурасының ресурстық сынағына арналған титан нитридімен қапталған 95Х18 және 45 болаттарынан нақты өнімді алудың нәтижелері келтірілген.
Түйін сөздер: жабын, титан нитриді, бүрку, химиялық құрамы, бекіту арматурасы, қаттылығы, тозуға төзімділігі, тоттануға төзімділігі.