Сызықтық емес Шредингер теңдеуі физикадағы классикалық модель ретінде зерттеуді қажет ететін өзекті мәселе болып табылады. Тиісті модельдің нақты шешімін алу экспериментке теориялық қолдау көрсетіп қана қоймай, практикалық мәселелерді шешуге негіз бола алады.
Бұл жұмыста дисперсиясы бар сызықты емес ортада екі өлшемді сызықты емес Шредингер теңдеуінің толқындарының таралуын зерттейді. Нақты шешімдерді табу үшін тангенс және котангенс функциялары әдісі қолданылады. Бұл әдіс математикалық физиканың сызықтық емес теңдеулерін шешуде тиімді. Периодты толқындар түрінде әртүрлі шешімдер алынды. Шешім графиктері ұсынылған.
Түйін сөздер: нақты шешімдер,тангнес-котангнес әдісі, екі өлшемді, сызықтық емес Шредингер теңдеуі, қарапайым дифференциалдық теңдеу, дербес туынды дифференциалдық теңдеу.