[0, T] кесіндісінде интегралдық мүшенің ерекше болған жағдайда инволютивтік түрлендіруі бар интегралдық-дифференциалдық теңдеулер жүйелері үшін көп нүктелі шеттік есеп қарастырылады. Инволюцияқасиетінпайдаланаотырып, бастапқыесеперекшеядролыинтегралдық-дифференциалдық теңдеулер жүйелері үшін көп нүктелі шеттік есептерге келтіріледі. Параметрлерді енгізу және айнымалыларды алмастыру, сонымен қатар ядроның ерекшелігін пайдалану арқылы бастапқы есептің бірмәнді шешілімділігі бастапқы берілімдер мәндерінен тәуелді матрицаның кері матрицасының бар болуына келтіріледі.
Түйін сөздер: шеттік есеп, интегралдық-дифференциалдық теңдеулер жүйесі, инволюция, инволютивтік түрлендірулер, параметрлеу әдісі.