Жеке кабинетке кіру

Механикалық қозғалыстардың математикалық бастамалары

УДК 531.1

ISSN 2709-4707

Айдарлар: Математикалық ғылымдар

Мақалада дененің орын ауыстыруының математикалық модельі саналатын И. Ньютонның классикалық механикасындағы кинематикалық және динамикалық теориялар арифметикалық прогрессия (немесе сызықтық функция), тригонометрия және квадраттық функция (теңдеу) заңдылықтарына негізделгендігі дәлелденген. Аталған теориялардағы формулалар, қозғалыс теңдеулері және тәуелділік графиктері бірқалыпты өзгеретін механикалық шамалар мен өзгерістерді іске асырушы (өзгертуші) шамалар арасындағы байланысты жүзеге асыратын математикалық механизмдер екендігі көрсетілген. Бір шаманың бірқалыпты өзгерісінің жеделдетілген (үдемелі) өзгеріске ауысуы сызықтық функцияның квадраттық теңдеуге өту схемасымен жүретіндігі баяндалған. Арифметикалық прогрессияның формуласы (сызықтық функция) мен квадраттық теңдеудегі айнымалылардан уақыт айнымалысына, ал өзгеретін және өзгертуші параметрлерден координатаға, прогрессияның жылдамдығы мен үдеуіне өту арқылы жасалғандығы көрсетілген. Мақаланың мазмұны тақырыпқа сай болу үшін қарастырылған барлық мәселелердің математикалық бастамаларына (алғышарттарына, түпнұсқаларына) басымдық берілді.

Түйін сөздер: прогрессия, сызықтық және квадраттық теңдеулер, координата, жылдамдық, үдеу, уақыт, айнымалылар.