Бұл мақалада CERT мүмкіндіктері мен қызметтері талқыланады. Бірінші CERT компьютерлік қауіпсіздік инциденттерін өңдеу процесіне неғұрлым ұйымдасқан және құрылымдық көзқарас мақсатымен жасалған. Мұндай CERT құру елдің жаһандық киберқауіпсіздік индексін жақсартуға ықпал етеді. Интернетті пайдаланатын адамдарды зиянкестердің әрекетінен қорғау үшін KZ-CERT ұсынатын қызметтері талданды. KZ-CERT – ұлттық ақпараттық жүйелерді және интернет сегментін пайдаланушыларға арналған орталық, ол компьютерлік инциденттер туралы ақпаратты жинауды және талдауды, компьютерлік қауіпсіздікке төнетін қатерлердің алдын алуда пайдаланушыларға кеңес беру және техникалық қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді. Қызметтің құзыретіне компьютерлік инциденттерді анықтау және бейтараптандыру мақсатында өңдеу кіреді.
түйін сөздер: ақпараттық қауіпсіздік, жаһандық киберқауіпсіздік индексі, CERT, CSIRT.